Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейдің әйелі Бақыт Тұрман тағы да сынға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасына қалжың видео салады.
Кадрдан аяғына жаққан майды жұбайының бетіне жаққанын көруге болады.
Алайда бұл пранк желі қолданушыларының көңілінен шықпаған сияқты.
Олар бұл әрекетін сынап тастады.
«Бәрі күліп жатыр, бірақ бұның қай жері қызық болды, аяғын сипаған қолымен ер азаматының бетін сипағанын елге көрсету қызық болғаны ма?», «Мұнау ұят болды, ердің басын аяққа таптады деп ойлаймын» және «Әйелін дұрыс адам деп ойлаушы едім» деп жазып жатыр олар.



