ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

«Ақша массасының өсуі рекордтық инфляцияға әсер етті» – ҚР Ұлттық банкі

ҚР Ұлттық банк рекордтық инфляцияның себептерінің бірі ретінде ақша массасының өсуін атады, деп жазады qandastar.kz сайты.

Ұлттық банк экономикадағы ақша массасының айтарлықтай артқанын хабарлады: М3 агрегаты 17,7%-ға, ал оның теңгелік бөлігі 17,8%-ға көбейген. Негізгі себептер – белсенді несие беру мен Үкіметтің сыртқы қарыздарының өсуі. 2025 жылғы тамыз-қазан айлары аралығында мемлекеттік облигациялар шығару көлемі 50%-дан артық көбейген, әсіресе, қысқа мерзімді бағалы қағаздар айтарлықтай өскен.

Ұлттық банктің сарапшылары инфляцияның жеделдеуі артық ақша көлемімен, мемлекеттік шығындардың ұлғаюымен және импорттың жоғары деңгейімен байланысты екенін атап өтеді. Сонымен қатар, экономикадағы өтімділік құрылымы да өзгеріп жатыр: кәсіпорындар «жылдам» ақша (M1) көлемін азайтып, қаржыны ұзақмерзімді депозиттер мен валюталық резервтерге жинақтауда. Бұл инфляцияға қатысты аралас тәуекелдер тудырып отыр.

Қолма-қол төлемдердің айтарлықтай қысқарғанына қарамастан, қазақстандықтардың шамамен жартысы әлі күнге дейін қолма-қол ақшаны белсенді түрде пайдаланады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button