Фото: Нұрболат Нұржаубай
Қазақстанда енді несие алу шарттары қатаңдайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа жобасына сәйкес, қарызын 30 күннен аса кешіктіргендерге банктер кепілсіз несие бермейді, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ал микрокредит ұйымдарында талап бұдан да қатал. Бір күн кешіктірсеңіз де жаңа қарыз рәсімдеу мүмкін болмайды. Осылайша соңғы 12 айда қарызын 90 күннен артық кешіктіргендерге несие алу мүмкіндігі шектеледі.
Бұл шара халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алуға бағытталған, деп түсіндіреді мамандар.
Бұл ережелер азаматтарды уақытында төлем жасауға ынталандыру үшін енгізілмек. Егер қарыз алушының жағдайы жақсарып, тұрақты табысқа қол жеткізсе, шектеулер алынып тасталады.