Қостанайда бұрынғы Рудный прокурорының ісі сотта қаралып жатыр. Мұрат Оспанов 20 миллион теңге пара алмақ болды деген күдікке ілінген, деп хабарлады Qandastar.
Тергеу дерегінше, ол қалалық құрылыс бөлімінің басшысынан бюджет қаржысын жымқыру ісін «жабуға көмектесем» деп ақша сұраған. Бірақ лауазымды тұлға бұл жайлы ҰҚК-ге хабар беріп, арнаулы операция ұйымдастырылған.
Прокурор дүкен тұрағында белгіленген соманы алып жатқан сәтте ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, ол пакетті қолға ұстай сала көлігіне отыра берген сәтте қолға түскен.
Қазір іс сотта жедел тәртіппен қаралуда. Экс-прокурор айыбын мойындаған. Үкім алдағы күндері шығуы мүмкін.



