Жаңалықтар

«Ақталуға міндетті емеспін»: Баян Алагөзованың келіні алған атағы туралы айтты

коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші Жарқынай Ханайым жақында ғана «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері» атағын алған болатын. Алайда бұл қоғамда үлкен резонанс тудырды. Осыған байланысты әнші өзінің парақшасында пікірімен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Мейрамбек Беспаев, Дастан Оразбеков сынды әншілер бұл марапатты әлі күнге дейін алмаған. Әнші Әміре де ренішін жасырмады. Желі қолданушылары да Жарқынайдың бұл марапатқа әлі лайық емес екенін жазған еді. Бірақ өнер иесінің өзі бұл дауға нүкте қойғысы келеді.

«Күшті көңіл-күйімді қолдана отыра соңғы оқиғаларға байланысты мені қолдаған оқырмандарыма алғысымды білдіргім келеді. Әңгіме айтқан сайын көбейе береді, сөз қуалаған сөздің түбіне жетпейді. Бақ шаба ма, бап шаба ма дейді. Осы жолы менің бағым шапқаны үшін мен біреудің алдында ақталуым тиісті емес деп ойлаймын. Себебі, барлық жер бетіндегі оқиға Құдайдың қалауымен болады. Жапырақ та оның қалауынсыз жерге түспейді. Ол үшін мен ақталуым керек деп ойламаймын. Тек жақсы нәрселерге көңіл бөлуге ниеттімін. Сіздерге де соны тілеймін», — деді ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close