Жаңалықтар

Ақтау-Алматы бағытындағы ұшақта ер адам кішкентай қызды азғындамақ болған

Фото: ашық дереккөз

Ақтау-Алматы рейсінің жолаушысы 21 желтоқсанда кішкентай қызды ер адам азғындамақ болғанын айтты, деп жвзды qandastar.kz

«Салонда жарық сөнген кезде ол қызды азғындамақ болды. Ер адам оның қолын алып, атын, жасын сұрап, мақтап, сипап, дем ала бастады. Бала бұған қарсы тұруға тырысты. Жарық қосылған кезде стюардессалар қыздың жылап тұрғанын көрді. Себебін анықтап, жаныма ауыстырды. Мен оны жұбаттым. Ер адам полицейлердің күтіп тұрғанын білмей, ішіп алып, қатты ұйықтапты. Артында отырған жолаушылар куәгер болуға келісті. Келген бойда қызды ата-анасы, ал ер адамды полиция күтіп алды», – деп жазды әйел Threads парақшасында.

Полиция басқармасының баспасөз қызметі құқықбұзушы ішкі істер органдарына жеткізіліп, алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Мұндай әрекет 5 АЕК (18 460 теңге) мөлшерінде айыппұлды қарастырады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close