Желіде белгісіз адамдар Ақтау қаласындағы мектептерде атыс ұйымдастырылатыны туралы хабарлама таратып, тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды, деп жазды qandastar.kz
Әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге байланысты полиция тұрғындарға ресми үндеу жасады.
“Құрметті қала тұрғындары! Мессенджерлерде мектептерде жоспарланған террористік әрекеттер туралы шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. Мұндай жалған хабарламаларға сенбеулеріңізді және оларды өзгелерге таратпауларыңызды сұраймыз. Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қаладағы жағдай толық бақылауда”, – деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Қала әкімдігі де полицияның мәлімдемесін қолдап, аталған ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін растады.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жалған теракт туралы ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Заң бойынша мұндай әрекет үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



