Жаңалықтар
Ақтауда алай–дүлей дауыл: Зардап шеккендер бар
Ақтауда қатты жел тұрып салдарынан автобус аялдамасы адамның үстіне құлады, деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz.-ке сілтеме жасап.
Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, сапасыз салынған аялдамаға қатысты іс қозғалыпты.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты аялдама құлап, бір адам жарақат алды, ол облыстық ауруханаға жеткізілді. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұл бап бойынша ірі көлемді айыппұлдан бастап 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады» делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін өңірде қатты жел соғып, ауа–райы қолайсыз болып тұр. Бұған дейін «Қазгидромет» дауылды ескерту жасап, Ақтауда желдің жылдамдығы 30 м/с дейін жетуі мүмкін деп мәлімдеген болатын.
Облыстың солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ, екпінді жел салдарынан элект қуаты өшті. Қатты жел тек электр сымдарын үзіп ғана қоймай, ағаштарды түп тамырымен қопарып, ауыр бағаналарды құлатып жатыр.