Жаңалықтар
Ақтауда ер адам әйелді көшеде аяусыз ұрып-соққан
Ақтауда ер адам әйелді көшеде аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлады qandastar.kz
Желіде тараған видеодан ер адамның қызды бетінен ұрып құлатқанын байқауға болады.
Деректерге сүйенсек, жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болған. Бірақ ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, онымен айырылысып кеткен.
Жәбірленушінің достарының айтуынша, бұрынғы жігіті қызды үнемі соңынан аңдып, қорқытып, ұрып-соғады екен.
Жәбірленушінің туыстары кінәлінің жазалануын сұрап отыр.