Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау маңында құлаған оқиға бойынша тергеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы НЕХабар telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Көлік министрлігі тергеудің техникалық бөлімін биыл жыл соңында немесе келесі жылдың басында аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір олар ұшақ құралдарын жасаған компаниялардан ресми қорытынды күтуде.
Сонымен қатар апатқа қатысты қылмыстық тергеу жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа Қазақстанның Бас прокуратурасы Ресей мамандарымен бірге қатысып отыр. Вице-премьердің айтуынша, бұл тергеу де келесі жылы аяқталуы мүмкін.
Еске салайық, Баку–Грозный рейсіндегі ұшақ Ақтау маңында құлаған болатын. Салдарынан 67 жолаушының 38-і көз жұмған. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары да бар.



