Әлеумет және қоғам
Ақтауда қыз соққыға жығылды: Күдікті ұсталып, оған тағы бір қылмыс жасады деген айып тағылды
Фото: ашық дереккөз
Ақтауда тәртіп сақшылары бұрынғы сүйіктісін ұрып-соққан ер адамды ұстады, деп хабарлады qandastar.kz
«Жедел іздестіру шаралары барысындашабуыл жасады деген күдікті анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған ұрлық жасады деген айып қоса тағылып отыр», – делінген хабарламада.
Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Ақтау көшелерінің бірінде ер адамның қызды аяусыз соққыға жыққаны түсірілген видео тараған болатын. Желіде тараған бейресми ақпаратқа сәйкес, қылмыскер таныс қызына бірнеше рет зорлық-зомбылық көрсеткен.