Жаңалықтар

Ақтауда мектеп оқушылары төбелесті

Фото: ашық дереккөз
Ақтауда полиция көшенің қақ ортасында төбелескен мектеп оқушыларын анықтады. Төбелеске екі адам қатысса, тағы біреуі телефонына түсіріп алған, деп хабарлайды qandastar.kz

Оқиға Ақтауда, 3-шағынауданындағы 57-үй маңында болған. Олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды.

Ақтау полиция қызметкерлері балалардың жеке басын анықтап, ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша хаттама толтырды.

Сонымен қатар осы оқиғаны ұялы телефонға түсірген жасөспірімнің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close