Жаңалықтар

Ақтауда мотоциклші жылқымен соқтығысып, мерт болды

Атырауда 2001 жылы туған мотоцикл жүргізушісі кенеттен жолға шыққан атқа соғылған. Соққы салдарынан жануар сол жерде өлген, ал мотоциклші ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Qandastar.kz

Қайғылы оқиға Rixos қонақ үйінің маңында 25 қазанға қараған түні болған.  Куәгерлердің айтуынша, апат кезінде мотоциклдің тахометрі 8000 айналымды көрсеткен, бұл жүргізушінің алтыншы берілісте жоғары жылдамдықпен қозғалғанын білдіреді.

Жол апаты болған аумаққа қатынайтын жүргізушілер мен мотоциклшілер жол қауіпсіздігі мәселесін бұрыннан көтеріп келеді. Олардың айтуынша, демалыс аймақтарына апаратын жол жол белгілерімен және қоршаулармен жеткілікті жабдықталмаған, ал жол бойында еркін жайылып жүрген мал жиі кездеседі.

Мамандардың пікірінше, жануарларда шағылыстыратын таспалардың болмауы және ескерту белгілерінің орнатылмауы түнгі уақытта оларды жүргізушілерге көрінбейтін етеді, бұл жиі жол-көлік оқиғаларына себеп болады.

Көлік иелері мен мотоциклшілер жергілікті билікті және мал иелерін жолдардағы қауіпсіздікті арттыру шараларын қабылдауға шақырды. Олар ескерту белгілерін орнату және жануарларға жарық шағылыстыратын элементтер тағу арқылы жаңа апаттардың алдын алуға болатынын айтады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button