Жаңалықтар

Ақтауда өткен халықаралық өнер байқауында оқыс жағдай болды

Фото: lada.kz

Ақтауда өткен AKTAU-MUSIC-FEST халықаралық өнер байқауы төтенше жағдаймен жалғасты. Мұрат Өскінбаев атындағы филармония сахнасында ұйымдастырылған шара барысында залда ауа температурасының жоғары болуына байланысты бірнеше қатысушы есінен танып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Көрермендердің айтуынша, филармония ғимаратында кондиционерлер істемейді немесе салқындату жүйесі жүктемені көтере алмай отыр. Қатысушылар таңғы сағат 10-нан бастап салқындатылмаған бөлмелерде болған. Түстен кейін бірнеше бала есінен танып, жедел жәрдем көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті, бірақ кей ата-аналар балалардың жағдайы әлі де қанағаттанарлықсыз екенін айтуда.

Ата-аналар мен көрермендер ұйымдастырушылардың немқұрайлығына наразы. Қатысушылардың ата-аналары тиісті органдардан жағдайды шұғыл түрде шешуді және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруды талап етіп отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close