
Фото: видеодан скрин
Ақтау қаласында сұйытылған мұнай газы (СМГ) тапшылығы байқалып, газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезектер пайда болды. Бұл жағдай тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп жазды qandastar.kz
Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше:
-
Облыс — СМГ-ның ірі тұтынушыларының бірі.
-
Ай сайынғы тұтыну көлемі 18 000 тонна шамасында.
-
Газдың негізгі бөлігі Қазақ газ өңдеу зауытынан жеткізіледі.
-
Қалған жетіспейтін көлем Атырау зауытынан тасымалданады.
Газ тапшылығының басты себебі — жергілікті өндірістің сұранысты толық жаба алмауы, ал сырттан келетін газ жеткізу жолдары мен көлемі жеткіліксіз немесе кешіктіріліп жатыр.