Жаңалықтар

Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, бүлдіршін ажал құшты (ВИДЕО)

2025 жылғы 8 желтоқсан күні Ақтауда болған өрт салдарынан кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру») бойынша іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалған, ал өрттің нақты себебі анықталып жатыр.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы да қайғылы жағдайды растады: өрт кезінде 2017 жылы туған бала көз жұмған.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейтіндіктен, ТЖД оқиға жөнінде қосымша ақпарат бермеген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button