Жаңалықтар

Ақтауда жасөспірім ұлды зорлады деген күдікпен ер адам қамауға алынды

Жасөспірімнің зорланғаны туралы хабарлама алғаш рет әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция бұл ақпаратты растап қана қоймай, мән-жайды да айтты.

Зардап шеккен жасөспірім – 13 жаста, ал күдікті – 29 жаста.

Құқық қорғау органының баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы шағым 4 қарашада түскен.

«Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, ұсталып, сот шешімімен екі айға тергеу изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес күдікті дрон арқылы бейнежазбалар түсірген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button