Ақтауда эколог мамандар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Caspian Riviera қонақ үйінен теңізге лас су ағызылғанын анықтады, деп жазады qandastar.kz
Әлеуметтік желілерде кең тараған бейнежазбада қонақ үй жанындағы құбырдан тікелей теңізге ағынды су төгілгені көрінеді.
«17 қараша күні Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары төгінді фактісін тексеру үшін оқиға орнына барды. Құбырдан су үлгілері алынды. Зертханалық талдау нәтижелері қоршаған ортаны қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдау және ластану деңгейін анықтау үшін қосымша жарияланатын болады», – делінген департаменттің хабарламасында.



