Ақтаудың 7А шағынауданында орналасқан жағалаудағы кафелердің бірінен 24 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала бейресми мәліметтерге сәйкес, оның өлімі асылу жағдайына байланысты болғаны айтылуда. Оқиға орнынан қандай да бір жазба табылмаған. Марқұмның жақындарының сөзіне қарағанда, ол бұған дейін күдік тудыратын мінез-құлық немесе психологиялық қиындық белгілерін байқатпаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі – «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу, суицидке итермелеу немесе оған жәрдемдесу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.



