Жаңалықтар

Ақтаудағы тұрғын үй кешенінде газ жарылысы болып, бес адам зардап шекті

Ақтаудағы «Әсия» тұрғын үй кешенінің жертөлесінде 28 қазан күні таңғы 09:03 шамасында газ-ауа қоспасы жарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазды qandastar.kz

Оқиға салдарынан бес адам жарақат алды, олардың үшеуі — бала. Ең ауыр жараланған — 52 жастағы ер адам. Оның денесінің 50-55 пайызы күйіп, беті, мойны, кеудесі, аяқ-қолы және арқасы зақымданған. Сондай-ақ көзінің қасаң қабығына да күйік түскен. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

22 жастағы жігіттің беті күйіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Балалар арасында 15, 10 және 7 жастағы үш бала зардап шеккен. Олар көмірқышқыл газымен уланған. 15 жастағы қыздың жағдайы орташа ауыр, ол ауруханаға жатқызылды. 10 жастағы қыздың анасы ауруханада қалудан бас тартқан, ал ең кіші — 7 жастағы ұл бала дәрігерлердің тексерісінен кейін үйіне қайтарылды.

Жарылыс болған жерге құтқарушылар жедел жетіп, төрт арнайы техника жұмылдырылған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button