Жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апаты: Бортта болғандардың тізімі шықты
Фото: ашық дереккөз
Sputnik Әзербайжан хабарлауынша, Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL ұшағы Каспий теңізінің үстінде «SOS» сигналын берген.
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта 72 адам болған, деп хабарлайды qandastar.kz Sputnik Әзербайжанға сілтеме жасап.
«Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласына жақын жерде 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонды», – делінген хабарламада.
Sputnik Әзербайжан хабарлауынша, Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан AZAL ұшағы Каспий теңізінің үстінде «SOS» сигналын берген. Одан кейін Қазақстанға бағыт алып, Ақтау әуежайында апатқа ұшыраған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында 67 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, деп жазады БАҚ.