Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан стюардессаның отбасын алаяқтар тонап кетті

Фото: Азаттық рухы

Алаяқтар Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан Azerbaijan Airlines әуе компаниясының стюардессасы Хокума Алиеваның отбасының банк картасынан 80 507 манат ақша ұрлап кеткен, деп хабарлайды qandastar.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Марқұм стюардессаның әкесі Киберқылмыспен күрес бас басқармасына арызданған. Алаяқтар 80 507 манат, яғни 25 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған.

Әкесінің айтуынша, ұрланған қаражат Хокума Алиеваның қайтыс болуына байланысты сақтандыру төлемі мен өтемақыдан қалған ақша.

Айтуларынша, алаяқ өзін «Kapital Bank» қызметкерімін деп таныстырып, стюардессаның ата-анасын картаның деректемелерін беруге көндірген.

ІІМ ЖАУАБЫ

Әзербайжан Ішкі істер министрлігінің Киберқылмыспен күрес жөніндегі бас басқармасы Хокума Алиеваның отбасынан ұрланған ақшаның қайтарылғанын хабарлады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер анықталды.

АҚТАУ МАҢЫНДАҒЫ АПАТ

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап38 адам қаза тапты.

Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Жолаушылардың 6-ауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы.29 адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, олардың арасында екі бала бар. Апаттан аман қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың тізімін жариялады.

Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс ашылып, қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

25 желтоқсанда апатқа ұшыраған әуе кемесінің қара жәшігі табылды. Ал 26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көліктегі прокуроры Абылайбек Ордабаев ұшақ құлаған жерден тағы бір «қара жәшік» табылғанын айтты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close