Жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апаты: Тоқаевтың тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды
Фото: ТАСС
Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды qandastar.kz
Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Біздегі ақпарат бойынша ол Ақтауға бара жатыр.
Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырды.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақ Бакуден Грозныйға бағыт алған болатын.