Қаржы және төлемдер

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қанша өтемақы беріледі?

Фото: Азамат Сәрсенбаев

Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен   әр отбасына шамамен 5 миллион теңге төленуі тиіс болған. Бұл туралы бүгін Үкіметтте өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

«Әр отбасына тиісті мөлшерде қаржы төленді. Жерлеу рәсімі мен басқа да мәселелерді әріптестеріміз өз мойнына алды. Оқиға орнына бару және олардың тасымалдануы қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда демеушілік көмектің арқасында қаза тапқандардың отбасыларына тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Әр отбасына шамамен 5 миллион теңге төленуі тиіс еді. Сонымен қатар, жерлеу рәсіміне, денелерді тасымалдауға, сапарға кететін шығындар да қамтылды», – деді Бозымбаев.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда  Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлаған еді. Бортта 67 адам болған. 38 адам қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close