Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
Ақтаулық блогер Антикордың шамына тигені үшін қамалды

Фото: инстаграм
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 20 күнге қамалды. Оған «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айып тағылды, деп хабарлайды qandastar.kz
Orda.kz жазғандай, ақтаулық блогерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалған ақпарат таратқаны үшін айып тағылды. Бұл туралы блогердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Бұған дейін Азамат Сәрсенбаев Антикордың оны сотқа бергенін мәлімдеген еді. Ол өз жазбасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің бірін сынға алған. Оның үстінен 73-3-бап, 2-бөлігі, яғни «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша әкімшілік іс қозғалған.
Бүгін, 28 мамыр күні сот отырысы өтіп, блогер 20 тәулікке қамалды. Ал блогердің әлеуметтік желіге жариялаған жазбасы өшірілді.
«Мен әлі күнге дейін түсіне алар емеспін. Менің 4 балам бар. Кәсібім бар. Жұмыстарымның бәрі жоспарланып қойған еді. Бәрі қалды», — деді блогер.
Блогер сот шешімімен келіспейді. Ол сотқа апеллияциялық шағым түсірмекші. Азамат Сәрсенбаев бассыздық болғанын, құқығы тапталып жатқанын айтты.
Айта кетейік, 2024 жылы желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апатының орнын суретке түсіргені үшін осы блогерді полиция ұстап әкеткен еді.