Жаңалықтар
Ақтаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қан тапсырып жатыр
Фото: ашық дереккөз
Ақтау маңындағы қайғылы ұшақ апатынан кейін зардап шеккендерге қан тапсыруға көптеген адамдар келуде, деп хабарлайды qandastar.kz
– Бұл оқиғаны әкемнен естідім. Әрбір азамат қолдан келгенше көмектесуі керек. Төтенше жағдайда жұмыс жасап жатқан барша дәрігерлерге алғыс білдіремін, – дейді қан тапсыруға келген қыздардың бірі.
Донор болу – жауапты іс. Зардап шеккен азаматтарға өмір сыйлауға құштар жандардың қарасы көп.
– Өңіріміздің барлық жанашыр тұрғындарын қазір қан орталығына келіп, қан тапсыруларын сұраймыз! Деніңіз сау болса, бүгін майлы тамақ жемеген болсаңыз және ең бастысы мұқтаж жандарға көмектескіңіз келсе, біз сізді бүгін 25 желтоқсан сағат 16:00-ге дейін күтеміз! – деді Маңғыстау облыстық қан орталығы.