Жаңалықтар

Актер Жахан Отарғалиевтың әкесі жол апатына түсті

Фото: ашық дереккөз

Отандық танымал актер Жахан Отарғалиев отбасындағы оқыс оқиға орын алғанын айтты. Өнер иесі әкесі жол апатына түскенін хабарлады.

Жахан Отарғалиев бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Белгілі шоумен жол апаты орнынан фото жариялап, көлік жүргізушілеріне үндеу жасады.

«Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси жүргізіп жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды. Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін», – деп жазды актер.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close