Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өз өмірін қиды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы prokadrykz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімнің жасы 46-да болған.
Бейресми ақпарат бойынша, сол күні ол достарымен кездескен. Аудан әкімдігі оқиғаны растады.
Еркін Далмағамбетов былтырғы жылы маусым айында Темір қаласының әкімі қызметіне тағайындалған. Бұған дейін әртүрлі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген.


