Желтоқсан айының басында Мұғалжар ауданы аумағында еркін жайылымнан 13 бас жылқы ұрланған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шаруа қожалығының басшысы келтірілген материалдық шығынды 9 миллион теңгеге бағалаған.
Тәртіп сақшылары аталған қылмысқа күдікті Темір ауданының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
«Тергеу барысында күдіктінің қараусыз жайылып жүрген жылқыларды қораға айдап әкелгені, кейін оларды өзіне шарт бойынша сеніп тапсырылған, бірақ бұрын жоғалып кеткен малы бар адамдарға таратып бергені анықталды», — делінген мәлімдемеде.
Полиция жылқылардың бір бөлігін тәркіледі, алайда кейбірін ауыл тұрғындары соғымға сойып үлгерген.
Аталған дерек бойынша мал ұрлығы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


