Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақтөбе облысында КамАЗ бен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты (ВИДЕО)

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жол апаты 20 ақпанда Ақтөбе-Орынбор тас жолында болған.

Полиция мәліметінше, Lada Granta жүргізушісі қарсы қозғалыс жолына шығып, КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Lada Granta жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Жүк көлігі жүргізушісі жарақат алмаған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық шегін қатаң сақтауды және әсіресе қала маңындағы тас жолдарда қарсы қозғалыс жолына шықпауды еске салады.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button