Ақтөбе облысында ірі жол апаты тіркелді. Самара – Шымкент трассасының бойында, Белқопа ауылының маңында, DAF жүк көлігі мен жолаушылар мінген “ГАЗель” көлігі бетпе-бет соқтығысқан, деп жазады qandastar.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан екі жүргізуші мен “ГАЗельдегі” 10 жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Тағы 5 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, шағын автобус Жүргенов атындағы ауылдан Ақтөбе қаласына ресми жолаушы тасымалын жүзеге асырып жүрген.
Қазір оқиға орнында полиция мен тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.



