2 желтоқсан күні 11-сынып оқушысы 41 жастағы анасын пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Диапазонға сілтеме жасап.
Жасөспірім әжесін де жаралаған, бірақ ол аман қалған.
Облыстық полиция қайғылы оқиғаның орын алғанын растады.
«Ақтөбе полиция бөліміне қаладағы пәтерде аса ауыр қылмыс туралы хабарлама келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлтірілген әйелдің денесін тапты. Пышақ жарақаттары бар егде жастағы әйел де сол пәтерден ауруханаға жеткізілді. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол кінәсін мойындады.
Тергеу жалғасып жатыр.



