Жаңалықтар
Ақтөбеде әскери оқу орнының курсанты оқыс жағдайда қаза тапты

Оқиға 15 шілде күні болды. ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, курсант жоспарлы оқу-жаттығу кезінде парашютпен секірген. Сол кезде алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды деп жазады Qandastar.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
— Алдын ала ақпаратқа сәйкес секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмай қалып, орны толмас қазаға себеп болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Әскери институт пен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан курсанттың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі,- деп хабарлады ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері әскери институтының баспасөз қызметі.