ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Ақтөбеде балабақша қызметкерлері мемлекеттен 240 миллион теңге жымқырған

Фото: ашық дереккөз

Олар негізсіз жоғарылатылған бюджеттік өтінімдер арқылы қызметкерлерге сыйақы беру арқылы ақша ұрлаған. Сондай-ақ белгіленген нормадан артық жалақы аударып, жалған іс сапар құжатын жасаған, деп жазады qandastar.kz

Белгілі болғандай, есепшілердің бірі кейбір қызметкерлерге жоғары жалақыны заңсыз аударып,  мұғалімдер екі еселенген еңбек демалысын алған. Қызметкер өзіне және балабақша директорының картасына да ақша аударғаны анықталды.

«Аудандық прокуратуралар қабылдаған шаралардың нәтижесінде аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысына, балабақшалардың үш меңгерушісіне және төрт есепшісіне бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі көлемде иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық фактілер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде», – деді қадағалау органы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close