Жаңалықтар

Ақтөбеде белгісіз ер адам үш адамды кепілге алған: Оның екеуі көз жұмды

Фото: скрин видео

Ақтөбеде бейтаныс үйге басып кіріп, бойжеткенді кепілге алған күдікті ұсталды. Үйде бойжеткеннен бөлек ата-анасы да болған, деп хабарлайды qandastar.kz

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі кепілде болған адамдардың түгел босатылғанын хабарлады.

— Кепілге алынған әйелді босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Жәбірленуші қыз және оның ата-анасы медициналық мекемеге жеткізілді. Жарақат алған, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алайда кепілге алынған адамның бірі ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Енді бірі операция үстелінде көз жұмды. Үшінші адамның жағдайы ауыр

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close