Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақтөбеде қоғамдық тамақтану орнында газ жарылды: 5 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Хромтауда қоғамдық тамақтану орнында газ құрылғысы жарылып, 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 19 қаңтар күні сағат шамамен 17:45-те Хромтау қаласында Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану нысанында ыстық сумен жабдықтауға арналған газ жабдығы жарылған.

Жазатайым оқиға салдарынан ғимараттың шамамен 80 шаршы метр аумағындағы құрылымы қираған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Хромтау аудандық ауруханасына әртүрлі дәрежеде күйік жарақаттарын алған бес науқас жеткізілді.

Олардың біреуі жансақтау бөлімінде, ал төртеуі травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.

Науқастарға медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button