Жаңалықтар
Ақтөбеде ойын алаңында 9 жастағы бала қайтыс болды
Фото: ашық дереккөз
Қайғылы оқиға кеше түнде Нұр-Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйдің балалар ойын алаңында болған, деп хабарлайды Qandastar.kz. Куәгерлердің айтуынша, 9 жастағы бала ойнап отырып әткеншектен құлап кеткен, әлеуметтік желіде видеосы тарап кетті.
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдем қоңырау қабылдағаннан кейін 7 минутта келген. Бала ес-түссіз жатқан, куәгерлер оның кеудесіне массаж жасаған. 103 дәрігерлері баланы 30 инут бойы реанимациялауға тырысқанымен нәтиже болмады.
– Кәмелетке толмаған баланың өлімі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету» бойынша дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, – делінген Ақтөбе облысының Полиция департаменті ұсынған хабарламада.