Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақтөбеде өрт кезінде құтқарушылар үш баллонды қауіпсіз жерге шығарды

Ақтөбеде азық-түлік дүкені мен оған жапсарлас тұрғын үйдің шатыры өртенді. Құтқарушылар өрт орнынан үш баллонды алып шығып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді.

Ақтөбеде өрт сөндірушілер дүкеннен үш газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып үлгерді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы хабарлады.

Ақтөбеде азық-түлік дүкені мен оған жапсарлас орналасқан тұрғын үйдің шатыры өртенді. Оқиға кезінде құтқарушылар ғимарат ішінен екі тұрмыстық газ баллоны мен бір оттегі баллонын алып шығып, өрттің таралу қаупін азайтты.

Төтенше жағдай Асау Барақ көшесінде болған. Қызыл жалын шамамен 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті толық сөндірді.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button