Әлеумет және қоғам

Ақтөбеде тендердің бір бөлігін алған әкімдік қызметкерлері 6 жылға сотталды

Фото: Stan.kz

Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет пен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаев сот залынан қамауға алынды, деп жазды

Олар енді мемлекеттік қызметке келе алмайды. Сотталушылар қаржыны кедергісіз аудару, қамқорлық жасау үшін келісімшарт сомасының 1%-ын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шалқар аудандық соты “Пара алу” бабымен айыпталған қос шенеунікті абақтыға қамау туралы үкім шығарды. Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1,2 тармағымен (Пара алу) айыпталса, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаев Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1,2,4 тармағы (Пара алу) бойынша кінәлі.

Қос шенеунік адамдар тобының сөз байласуымен мердігерді қорқытып, пара алғаны дәлелденді. Сот Алтынбай Беркімбаевтан 1,5 миллион теңге мемлекет пайдасына тәркілеуді міндеттеді. Ал Бектұрған Зайрымбеттен 1 миллион теңге мемлекет пайдасына тәркіленуге тиіс.

Сонымен қатар қос шенеунік енді мемлекеттік қызметте, судья қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкінде, оның ведомстволарында, қаржы ұйымдарында уәкілетті органдарда, квазимемлекеттік сектор субьектерінде лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сот әрқайсысына 6 жыл мерзімге бас бостандығанан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Іс материалдарына сенсек, аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Алтынбай Беркімбаевпен 2024 жылы  «Лидер-НС Строй» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарты жасалған. Қосалқы мердігер – «Еуропа НС» ЖШС.  Келісімшарт құны – 223 796 648 теңге. Беркімбаев пайдакүнемдік пиғылмен құзыретті жеке мақсатқа пайдаланып, орындалған жұмыстың сапасын тексермей қабылдау үшін кезінде кедергісіз өткізу үшін 200 мың теңге ақша алған.

Келесі мердігерді аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы бірігіп қорқытып, 2,3 миллион теңге алған.

Онда «Ел даму ырыс» ЖШС-і арасында кәріз құбырын тарту үшін келісімшарт жасалады. Құны – 228 224 506 теңге.
Сотталушылар қаржыны кедергісіз аудару, қамқорлық жасау үшін келісімшарт сомасының 1 пайызын алды. Яғни, 2 миллион 300 мың теңге ақшасын пара ретінде беруді талап еткен. “Пара алу” бабымен айыпталған мемлекеттік қызметкерлер жазасын темір торда өтейді.

Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары коммуналдық қызметте жұмыс істеген бухгалтерді ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Олардың айтуынша, әйел қоммуналдық қызмет қаражатынан 58 миллион теңгені жымқырып, жеке қажетіне жұмсаған. Соның салдарынан бір тұрғын үй кешенінің тұрғындары жөндеу жұмыстарынан қағылып, тұрмыстық қиындықтарға тап болды: төрт қабатты үйлерде жиі жарық өшіп, жертөлені су басып, шатырдан су аққан. Аталған мәселелерді шешуге арналған қаржы бөтен біреудің шотында жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close