Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ақтөбеде «ВАЗ» бен жүк көлігі соқтығысты: адам шығыны бар

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында жантүршігерлік жол апаты болды.

Қарауылкелді ауылы маңында «ВАЗ» жеңіл автокөлігі мен «DAF» жүк көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жылдамдық режимін бұзбауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарын назардан тыс қалдырмауға шақырды.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button