
Ақтөбеде 20 қараша күні үйінен шығып, із-түссіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz
Жоғалғандар — 40 жастағы Аманжол мен жұбайы Гүлжахан. Олар таңғы 10:00 шамасында 41-разъезд маңындағы үйінен көлікпен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпай қалған.
Марқұмдардың артында бес баласы қалды. Қазіргі кезде оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.


