Жаңалықтар
Ақтөбедегі оқиғаға қатысты соңғы деректер шықты
Фото: ашық дереккөз
Ақтөбеде бейтаныс еркек үш адамды кепілге алған. Оқиғаға қатысты соңғы деректер белгілі болды, деп жазды qandastar.kz
Облыстың Полиция департаментінің Баспасөз бөлімі қалада болған сұмдыққа қатысты тағы мәлімдеме жасады.
«13 қаңтар күні сағат 20:00 шамасында Жедел басқару орталығына Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйден кепілге алу туралы хабарлама келіп түсті.
Жедел-тергеу тобы мен арнайы бөлімшелер оқиға орнына дереу жетті. Жедел қызметтер келген бойда, күдіктімен бұрын таныс болған, бір әйелдің кепілге алынғаны белгілі болды.
Бұл ретте күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды.
Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.
Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы ата-анасы табылды.
Өкінішке орай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетуде.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция департаменті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Кінәлі адам заңның барлық қатаңдығымен жазаланатын болады», — деп мәлімдеді артынша облыстық ПД.
Бұдан бөлек, желіде бейтаныс адамның зәбір көрген әйелдің бұрынғы жігіті екені туралы ақпар тарады. Сондай-ақ қайтыс болған 75 жастағы ер адам кепілге алынған әйелдің өгей әкесі деген де дерек бар.