Жаңалықтар
Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр
Фото: ашық дереккөз
Ақтөбеде тікұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматтың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр. Бір адам қайтыс болды, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Оқиға Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында болды. Әуе кемесі Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Анықталғандай Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонған. Бортта 3 экипаж мүшесі болды.
“Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі — техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – деді Қорғаныс министрлігінен.
Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz