ӘкімЖаңалықтар

Ақтөбелік әкім пара алды деген күдікпен ұсталды

Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Ақтөбе облыстық сотының хабарлауынша, тергеу аяқталғанша ол екі айға қамауға алынды. Тергеу барысы мен істің егжей-тегжейі туралы өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.

Хромтау ауданы әкімдігінің ресми парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, Сағындық Шабықбаев 40 жаста, және ол екі жыл бұрын Хромтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалған. Бұған дейін әкімнің орынбасары қызметін атқарған.

Еңбек жолын 2008 жылы Әйтеке би ауданындағы ХҚКО-да бастаған, кейін аудан және қала әкімдіктерінде түрлі қызметтер атқарған.

Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button