Жаңалықтар

Ақтөбелік әлеуметтік тауарын 450% сауда үстемесімен сатқан

Фото: ашық дереккөз

Ақтөбелік кәсіпкер әлеуметтік тауарын 450% сауда үстемесімен сатқан, деп жазды qandastar.kz

Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жеке кәсіпкердің электронды есеп фактурасына анализ жүргізу барысында ӘМАТ тауарларына сауда үстемесін асыру тәуекелдерін анықтап, істі әрі қарай тексеру үшін өңірлік сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жолдаған.

Жеке кәсіпкер қарақұмық жармасының 75 келісін «Жазық Групп» ЖШСдан 16 450 теңгеге сатып алған (1 келісі 205-248 тг). Артынша жеке кәсіпкер қарақұмысты балабақшаларға 109%-450% сауда үстемесімен сатқан. Мәселен, Ақтөбедегі мемлекеттік №42 «Айналайын» балабақшасына 28 келі қарақұмықты 12 992 теңге, яғни келісін 519 теңгеден сатқан. Мұндағы сауда үстемесі 109,2% құрайды. Артынша мемлекеттік №17 «Шұғыла» балабақшасына өнімнің 56 келісін 16 192 теңгеден, 135,8 % сауда үстемесімен жеткізген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close