Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

«Ақылды, білімді адам»: Лукашенко Тоқаевты мақтады

 Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жоғары бағалап, оны «ақылды, білімді адам» деп атады. Бұл туралы «Пул Первого» Telegram-арнасы хабарлады, деп жазады Qandastar.kz порталы. 

Бұл пікірін Александр Лукашенко Қытай-Беларусь индустриялық паркі  әкімшілігінің басшысы қызметіне Татьяна Харлапты тағайындау кезінде білдірген. Кездесу барысында Беларусь президенті Харлаптың қытай тілін меңгеру деңгейіне қызығушылық танытты.

Еске салайық, Татьяна Харлап бұған дейін ұзақ уақыт Беларусьтің Қытай Халық Республикасының арнайы әкімшілік аймағы — Гонконгтағы (Сянган) бас консулы қызметін атқарған. Осыған қарамастан, Александр Лукашенко оның қытай тілін білуі маңызды екенін атап өтті.

Осы орайда Беларусь президенті мысал ретінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келтірді.

—   Қазақстан президенті Тоқаев кезінде аудармашы болып жұмыс істеген, ол қытай тілін жетік біледі. Қалыпты, ақылды адам, нағыз білімді президент, — деді Александр Лукашенко.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button