Қазақстанның халық әртісі Нагима Ескалиева 61 жастағы Мейрамгүл Қожашевамен бірге тойда рэп айтып, көпшілікті таңырқатты. Мейрамгүл апа былтыр қызын ұзатқан тойда Gangsta’s Paradise әнін орындап танылған еді, деп жазады qandastar.kz.
Бұл жолы да ол сол хитін тағы айтып шықты. Тойға қонақ болып барған Нагима Ескалиева да қарап қалмай, микрофонсыз-ақ қимылдап, образға еніп, Мейрамгүл апамен бірге рэп айтып кетті.
Дуэттің видеосы әлеуметтік желіде жылдам тарап, көптен қызығушылық туғызды. Қолданушылар түрлі пікір қалдырды:
«Бұлар ұрсысып жатқан сияқты ғой»,
«Нағыз гангста-әжелер!»,
«Нагима керемет қой!» — деп жазды олар.
Бірақ бәріне бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбірі сын айтты:
«Жындихана ма деп қалдым ғой»,
«Ақырзаман заманның белгілері ғой»
«Құдай сақтасын», — деп жазған пікірлер де болды.
@astana_almaty_100



