Жаңалықтар
Алакөлге құлаған ұшақ ұшқышының арнайы құжаты болмаған
Фото: ТЖМ
Алакөлдегі ұшақ апатынан кейін бірқатар заңбұзушылық анықталды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады, – деп жазады qandastar.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, Алакөл көліне құлаған ұшақ азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік реестрінде жоқ. Оның ұшуға жарамдылық сертификаты болмаған.
Құлаған ұшақтың ұшқышы да ереже бұзғаны белгілі болды. «Ұшқышта авиациялық персонал құжаты болмаған» делінген министрлік мәлімдемесінде.
Естеріңізге сала кетейік, 25 шілде күні Алакөл көліне ұшақ құлаған болатын. Одан кейін екі адам – ұшқыш пен жолаушы зардап шекті. Оқиғаның нақты себептері тергеу барысында анықталады.