Жаңалықтар

Алаяқтар «декларация уақыты өтті» деп шотты тонап жатыр

Қазақстанда азаматтарға мемлекеттік орган қызметкері ретінде қоңырау шалып, «декларация уақытында тапсырылмады» деп қорқытатын алаяқтар пайда болды, деп хабарлады qandastar.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, алаяқтар банк шоттарын бұғаттаймыз деп ескертіп, SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды. Азаматтар кодты айтқан сәтте, олардың есепшотындағы қаражат бөгде адамдардың картасына аударылады.

Полиция нақты қызметкерлер ешқашан телефон арқылы жеке деректер мен растау кодтарын сұрамайтынын еске салды.

Күдікті қоңырау алған жағдайда 102 нөміріне хабарлау ұсынылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button