Жаңалықтар

Алаяқтар қазақстандықтарды жаңа әдіспен алдауға көшті

Алаяқтар мемлекеттік мекеме қызметкерлерін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі басшылығы атынан хат жазып, алдауға көшкен, деп хабарлайды  qandastar.kz.

«Ол үшін алаяқтар жалған аккаунт жасайды. Олар өте сенімді көрінеді және қызметкерлердің нақты деректерін қамтиды: тегі, аты, әкесінің аты, суреті. Алаяқтар құпия ақпаратты беру мақсатында ықтимал жәбірленушіні азғыруға тырысады.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті қызметкерлердің ресми мәселелерді шешу үшін қоғамдық мессенджерлер мен әлеуметтік желілерді пайдаланбайтынын ескертеді. Мұндай алаяқтық дерегінің барлығы құқық қорғау органдарына хабарлануы тиіс», — делінген хабарламада.

Егер күдікті қоңырауларды немесе хабарламаларды, соның ішінде әлеуметтік желілер хат алсаңыз, мына әрекеттерді орындау ұсынылады:

  • Хабарламаның негізгі көзін тексеріңіз: хабардың шынайылығына күмәндансаңыз, ресми веб-сайттарда көрсетілген ресми контактілер арқылы болжамды жіберушіге хабарласыңыз.
  • Күдікті сілтемелерді баспаңыз: алаяқтар деректеріңізге қолжеткізу үшін фишингтік сілтемелерді жиі пайдаланады.
  • Жеке деректермен бөліспеңіз: ешқашан жеке ақпаратты, құпия сөздерді немесе банктік деректемелерді мессенджерлер арқылы бөліспеңіз.
  • Күдікті контактілерді блоктау: күдікті хабар алсаңыз, контактіні блоктаңыз.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close